Қазақстан • 19 Қаңтар, 2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының халықаралық әуежайына әлемнің ірі әуекомпанияларының үштігіне кіретін Qatar Airways Cargo әуекомпаниясының алғашқы жүк рейсі келді. Бойниг 777-200 әуе кемесімен дәрі-дәрмек, бөлшектер мен электроникалар жеткізілді. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

 Доха-Алматы рейсі алғашқы кезеңде аптасына екі рет қатынайтын болады.

«Доха мен Алматыны байланыстыратын жаңа бағыт халықаралық жүк тасымалы тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әуежайдың аймақтағы логистикалық хабқа айналуына жағдай туғызады, өйткені әуетасымалдаушылар Дохаға тек қазақстандық жүктерді ғана емес, көрші елдердің де жүгін тасымалдайтын болады», -делінген хабарламада.

Жаңа рейс сондай-ақ Катар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға да өс септігін тигізбек.

«Дүние жүзі бойынша экономикасы жақсы дамыған елдердің қатарына жататын Катар елімізден азық-түлік импорттауға қызығушылық танытып отыр. Әсіресе ұн, астық, ет және тағы басқа азықтарды. Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасы мәселесі оңынан шешілетін болса Қазақстан мен Катардың экономикалық байланысы жаңа деңгейге көтерілері еді», -делінген хабарламада.

Бұл жөніндегі меморандумға 29 қаңтар күні Астанада жоспарланған кездесуде қол қойылады деп күтілуде. Онда ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Катардың азаматтық авиация комитетінің президенті Абдуллы Нассер Турки Әл-Субая кездеспек.