Әлем • 20 Қаңтар, 2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

Бірінші ресейлік "Арктика-М" климат және қоршаған орта мониторингі үшін жіберілетін спутник орбитаға 2019 жылдың маусым айында жіберіледі, деп хабарлады РИА Новости.

"Байқоңыр ғарыш айлағынан "Фрегат" екпіндеткіш блогы мен "Арктика-М" Бірінші гидрометеорологиялық спутнигі бар "Союз-2.1 б" зымыран тасығышын ұшыру 2019 жылдың маусымында жоспарланып отыр", деді агенттік өкілі.

"Арктика-М" екінші спутнигін 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Ресейдің 2016-2025 жылдарға арналған Федералдық ғарыш бағдарламасында сондай-ақ 2023, 2024 және 2025 жылдары тағы да үш "Арктика-М" аппаратын іске қосу жоспары бар, алайда олар туралы келісім-шарт әлі жасалған жоқ.