Күрес • 21 Қаңтар, 2019

Азамат Мұқанов дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Азамат Мұқанов дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

2018 жылдың қарашасында спорттағы мансабын аяқтаған Мұқанов бұдан былай жастарға жол көрсетпек. 

«Жастар құрамасының тізгінін қолға алу оңай шаруа емес. Өйткені, еліміздің бас құрамасында сынға түсетін жас спортшыларды дайындау міндеті тұр алдымызда. Дегенмен, қолға алған ісімді абыроймен атқарып, Қазақстан намысын абыроймен қорғайтын дзюдошыларға бар білгенімді үйретемін деген ойдамын. Менің дзюдодағы тәжірибемнің көмекке келері сөзсіз», - дейді Азамат Мұқанов. 

Азамат Мұқанов дзюдодан әлем, Азия чемпионаты мен жазғы Азия ойындарында жүлдегер атанған спортшы. 

Сондай-ақ, осыған дейін жастар құрамасын жаттықтырып келген Арсен Хатип қыздар командасының бас бапкері болып тағайындалды.