Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Алматыдағы атақты «белка» бұзылмауы мүмкін

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы атақты арт-нысан - алып тиін бұзылмауы мүмкін. Мүсіннің тек бет-бейнесі өзгеретін болады деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматыдағы атақты «белка» бұзылмауы мүмкін

Агенттік тілшісінің сауалына қалалық Мәдениет және архив басқармасындағылар «Қазіргі таңда арт-нысан авторы Алекс Ринслермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл мүсінге рестайлинг жасалуы мүмкін» деп жауап берген.

Еске сала кетейік, Алматыда «Атакент маңында пайда болған алып тиін мүсінін орнатуға 23 млн теңге жұмсалған. Мүсін авторы белгілі урбанист Алекс Ринслер өзінің жұмыстарын әдетте біраз уақыттан соң өртеп жіберетін.

Тіпті алматылық тиін көктемде алынып тасталады деп те келісілген болатын. Қала ортасында қымбат мүсіннің пайда болғаны көпшіліктің наразылығын тудырғаны да рас. Қала әкімі Бауыржан Байбек арт-нысан туралы арнайы түсініктеме берген еді.