Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Қызылордада кәсіп бастауға мүмкіндік көп

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылып жатқан «Бизнес-мектеп» құрылымы кәсіпкерлікпен іспен айналыссам деген азаматтарға көмек береді.

Қызылордада кәсіп бастауға мүмкіндік көп

Палата басшысы Ғалымбек Жақсылықов: «Біздің мамандар оқытып қана қоймай, жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп келеді. 2017 жылы «Бизнес-кеңесші» оқу курсын оқыған 1555 азаматтың ішінде жалпы сомасы 271,8 млн.теңгені құрайтын 76 адамның жобасы шағын қаржы ұйымдары арқылы арқылы қаржыландырылса, өткен жылы біз сапаға басымдық бердік. Атап айтқанда, «Бизнес-кеңесші» оқу курсы бойынша 1347 адамды кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыттық. Бүгінгі күнге дейін олардың ішінде 412-сі өз жобаларына әр түрлі қаржы көздерінен 1 млрд.теңге алып, кәсібін жүргізіп келеді» - дейді.

Өткен жылы «Бизнес өсу» жобасы аясында 136, «Тәлімгерлік оқыту» бойынша 65 адам білімін жетілдірген.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы