Баландиннің ізбасарлары көбейіп келеді

Соңғы жылдары шырайлы шығыста су спорты ерекше қарқынмен дамып ке­ле­ді. Осыдан төрт жыл бұрын өзендер өрнектеген Өскеменнің көрікті жерінде қала­­дағы ірі кәсіпорындар – «Казцинк», «Казатомпром», басқа да алып ком­бинаттардың қаржысына үш ірі спорт кешені бой көтерді. Соның бірі – бассейн. Бассейннің жалпы көлемі бір мың шаршы метрді алып жатыр. Ал спорт кешенінің аумағы 5343 шаршы метр. Ұзындығы 50 метр, бір трамплині, 3 жә­не 5 метрлік секіретін алаңы бар кешен заманауи талаптарға сай салынған. Міне, соң­ғы төрт жылдан бері мұнда халықаралық, республикалық жарыстар өте бастады. Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Мирхат Болатқанұлымен кездесіп, оған бірнеше сауал қойған едік.

Егемен Қазақстан
21.01.2019 1829
2

− Бұл күндері біздің мектепте бір мыңнан астам бала жаттығады, – деп бастады әңгімесін спорт мектебінің басшысы. – Тек балалар емес, қала тұрғындары да бассейнге келіп, суға жүзеді, ден­саулықтарын түзейді. Қазір мектепте су добы, суға секіру, жүзу, байдарка және каноэ есу, байдарка және каноэден ағынды тау суында жүзу бөлімдері бар. Қаланың сыртындағы «Эллинг» байдарка, каноэ есу базасында көктем шыға күз­ге дейін жаттығу бір сәтке де тынбай­ды. Білімді де білікті 30 бапкер шәкірттерге сабақ береді. Олардың қатарында Қазақстан Республикасына еңбегі сің­ген жаттықтырушылар Любовь Кра­савина, Мария Григорьеваны ерекше атап өткен орынды. Олар баптаған шәкірт­тер халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда топ басынан көрінуде. Байдарка, каноэ есуден Лариса Лукичева деген тәжірибелі жаттықтырушымыз бар. Оның қызы әрі шәкірті Екатерина Смирнова (тегін өзгерткен) Бейжіңдегі Жазғы Олимпия ойындарына қатысып, алғашқы ондықтан көрінген. Қазір ол Екатеринаны 2020 жылғы Олимпиадаға дайындауда. Со­нымен бірге В.Афанасенков, М.Фи­ли­монов, Қ.Мұқамеджанов та жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Суға секіру, су добынан, жүзуден Қарағанды, Те­міртау қалаларынан тәжі­рибелі бап­­керлер Е.Сизинцев, А.Рейманды шақы­рып, оларға жағдай жасадық.

− Шәкірттеріңіз арасынан Азия және ел чемпионаттарында топ жар­ған саңлақтар бар ма?

− Биылғы жылдың қыркүйегінде Испанияда су спорты түрлерінен 2020 жылы Токиода өтетін Олимпия ойындарына жолдама үлестіретін лицензиялық Әлем чемпионаты өтеді. Оған бізден бес бірдей спортшы қатысады. Джакар­тадағы Азия ойындарына қатысып, қола медаль иеленген талантты спортшы Александр Куликов, төртінші орынды қанағат тұтқан Камилла Сафина, Қуаныш Еренғайыпов, Петр Волков, Екатерина Смирнова бақтарын сынап көрмек. Егер қажетті ұпайды жинаса, олар Олимпиадаға қатысады.

− Соңғы жылдары Өскеменде суға жүзуден 14-15 жастағы, одан да кішірек ба­лалар арасында «Алтай жұлдызы» атты рес­публикалық турнир өтіп келеді. Оны өт­кізуге өзіңіз бастама көтеріпсіз. Бұл сайыс дәстүрлі өте бере ме?

− Сиқыры мол су спорты бізге қарағанда Еуропа, мұхиттың арғы жағындағы елдерде ерекше дамыған. Бір ғана мысал, аустралиялық Ян Торп, америкалық Фелпс бір Олимпия ойындарында ғана бестен сегізге дейін алтын алқаны уыстап алғаны белгілі. Риодағы Олимпиадада алматылық Дмитрий Баландин айды аспанға шығарып, алтын алғанда бөркімізді аспанға лақтырып шаттандық. Сол-ақ екен еліміз бойынша жүздеген ата-ана балаларын бассейнге жетектеп әкеле бастады. Тіпті, біздегі бассейнге келіп, үйірмелерге қатысатын балалардың саны едәуір өсті.

Су спорты түрлерінен Олимпиада бағдарламасына 48 жиынтық медаль сарапқа салынады екен. Демек, су спортына елімізде ерекше назар аударылуы тиіс. Облыс әкімі Даниал Ахметов су спортының өркендеуіне ерекше көңіл бөлуде. «Алтай жұлдызы» турнирінің ашылуына қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Алғашқы турнирде шәкірттеріміз Нұрәлі Советханов чемпион атанса, Елизавета Чернышева, Никита Арепьев үшінші орынға ие болды. Биыл қарашада өтетін турнирге чемпиондарды шақырсақ деп отырмыз, олар балалармен жүзде­сіп, шеберлік сыныбын өткізеді, тәжіри­белерін бөліседі.

Су спорты дами бастағаннан бері Өскеменнің өзен-көлдерінде, суға шомылатын жерлерде балалардың суға батып кетуі азайғанын облыстық статистика басқармасы хабарлады. Демек, қала, аудан әкімдері жылдың төрт мезгілінде су спортымен шұғылдануға болатын жабық, ашық бассейндерді салуға көшсе, ұтарымыз анық. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент біздің бассейнде аудандар мен қалалардан келген нұсқаушылармен сабақ жүргізе бастады. Әр сенбі сайын «Үміт» балалар үйінің, «Ақ ниет» мектеп-интернатының балалары бассейнге келіп суда жүзеді, оларға білікті мамандар дәріс береді.

− Шәкірттеріңіз арасында қанша спортшы еліміздің құрама командасына мүше?

− Біздің мектептің 46 оқушысы құрамаға мүше болып қабылданды. Олардың 13-і негізгі, 2-уі жастар, ал 31-і жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетуде. 7 адам халықаралық дәрежедегі, 4-еуі спорт шебері, 31-і спорт шеберлігіне үміткер, 22-сі 1 разрядты спортшылар. Түлектеріміз соңғы бірнеше жылда 500-ге тарта медаль иеленді. Оның 139-ы алтын, қалғаны күміс, қола медаль.

 

Әңгімелескен

Оңдасын Елубай,

Қазақстанның құрметті спорт қайраткері

Өскемен

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу