Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл өңірінде халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып келеді. Облыс бойынша бүгінде барлығы 396 медициналық мекеме бар. Оның 30-ы аурухана болса, 356 мекеме амбулаториялық емхана. Жергілікті тұрғындар аталған денсаулық сақтау мекемелерінен жоғары деңгейде тиісті ем алып отыр.

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, былтырғы жылы өңір тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 72,43 жасты құраса, жалпы өлім-жітім коэффиценті 5,6 пайызға тұрақтаған.  Сондай-ақ, өкінішке қарай, 2 ана өлімі, 154 бір жасқа дейінгі нәресте өлімі тіркелген. Басқарма басшысы басқармаға қатысты 3 нысаналы индикатор және 36 нәтижелі көрсеткіш бар екенін, оның  4-і орындалмағанын да жеткізді.

Өткен жылы өңірде барлығы 39 нысан пайдалануға берілген. Оның  ішінде 29 нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында, 9 нысан жергілікті бюджет есебінен ел игілігіне берілсе, 1 нысан сатып алынған. Сонымен қатар, 6 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізілген. Өз сөзінде Марат Жұманқұлов жеке тұлғалардан 175 арыз-шағым түскенін, ол бойынша 28 қызметкер жауапкершілікке тартылып, 2 бас дәрігер жұмысынан босатылғанын да айтып өтті.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы