Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019

Өзбек киносының күндері өтті

656 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылы Қазақстанда аталып өткен Өзбекстан Рес­пуб­ли­ка­сының  жылы  екі ел арасындағы ғасырлар бойы сақталған достық пен қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, жаңа деңгейге көтерді. Бауырлас халықтардың жақындығын терең­де­туге септігін тигізетін  ауқымды шаралар әлі де жалғасын табуда. Түркістан облысында өткен   өзбек киносы күндері сол игі істердің бірі. 

Өзбек киносының күндері өтті

Түркі елдеріне ортақ, мəде­н­ие­­ті мен əде­биеті егіз тарихи фильм­дерді на­си­хаттау, кино­ре­­жис­серлер мен актер­лар ара­сын­дағы шығар­ма­шылық байла­­нысты ны­ғай­ту, тəжірибе ал­ма­суға жол ашу­ды мақсат еткен іс-шараның ашылуына ар­­нал­ған жиында Түркістан облы­сы әкімінің орынбасары Мә­лік Отарбаев, Өзбекстан Рес­­пуб­ликасының Қазақстан Рес­пуб­лика­сындағы бас консулы Абрар Фат­хул­лаев және Қа­зақ­­­стан өз­бектері «Дустлик» қауым­дас­­ты­ғының төрағасы Икрам Ха­шим­­жанов құттықтау сөз сөй­леп, тарихи фильмдердің ор­тақ тәрбиесі мен маңызына тоқталды. «Кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идео­логиясын қалыптастыратын үлкен құралдың бірі болып саналады. Сондықтан да кез келген мемлекет өз кино­ин­дус­триясының дамуына зор мүм­кін­діктер жасайды.  Кино саласы мен анимацияның біздің өңі­рі­мізде дамып келе жатқаны қуа­нар­лық жағдай. 

Былтырдың өзінде өңір­­лік туризмді дамыту, тарихи-мә­дени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие бе­­ру мақсатында «Күш атасы – Қа­жымұқан» анимациялық филь­мі және «Қалқанқұлақ» қиял-ғажайып  телехикаясы,  «Көне жетіген­нің сыры» атты теле­сериал және «Киелі Қазы­ғұ­рт», «Отырарды қорғау» атты анимациялық фильмдері түсірілді. Бүгінгі іс-шараның екі елдің арасындағы алтын көпір, бауырлас қазақ-өзбек халық­та­­ры­­ның достығы мен бірлігін нығай­­туға себеп болатынына сені­­мім мол», деді М.Отар­ба­ев.

Бұл күні Түркістан қалалық мәдениет үйінде көрермен назарына қазақтың ұлы ақыны Абайдың балалық шағы, қоршаған ортасы, шығармашылығы мұрағат құжаттары қолданыла түсірілген «Абай сөзі» деректі фильмі, Шың­ғыс Айтматовтың қиссасы желі­­сінде түсірілген «Сарвкомат Дил­­барим» көркем фильмі,   «Ой­киз» ертегісі ұсынылды.

Айта кетелік, өткен жылы Қаз­ақ­стандағы Өзбекстан Рес­пуб­ликасы жылына байланысты екі елдің достастығын арттыру, мәдени байланысты нығайту мақсатында 20-дан астам іс-шара өткізілген болатын. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы