Бокс • 22 Қаңтар, 2019

Үздіктер қатарында жүрген қазақстандық боксшылар кімдер?

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі BoxRec.com сайты қазіргі кездегі Қазақстанның ең үздік он кәсіпқой боксшысының рейтингін жариялады. Мықтылар көшін әлі де WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин бастап тұр. 

Үздіктер қатарында жүрген қазақстандық боксшылар кімдер?

Әрине, оған таңдануға болмас. Себебі, отандастарымыздың арасынан ең тәжірибелісі де, ең атақтысы да дәл осы GGG екені еш күмән туғызбауға тиіс. Осы күнге дейін ол 40 кездесу өткізіп, 38 рет жеңіске жетті. 34 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Бір рет ұтылып, бір мәрте тең түсті. BoxRec рейтингінде Геннадий Головкин 263 ұпай жиып отыр.  

Екінші және үшінші орындарға Батыр Жүкембаев пен Мейірім Нұрсұлтанов жайғасты. 14 жекпе-жектің 12-сін нокаутпен аяқтаған Батыр 50 ұпай жиса, 10 кездесудің 8-інде айқын жеңіске қол жеткізген Мейірім 32 ұпайды иеленуде. Төртінші орында – Айдос Ербосынұлы. Оның да көрсеткіші дәл Мейірім Нұрсұлтановтікі секілді. Айдостың еншісінде 26 ұпай бар. Бір қуантарлығы, бұл жігіттердің үшеуі де күні бүгінге дейін жеңілістің кермек дәмін татқан емес.

Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарында Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО), Әли Ахмедов (13-0, 10 КО), Абылайхан Құсаинов (9-0, 6 КО), Бобыржан Момынов (9-0, 8 КО), Нұрсұлтан Жанабаев (6-0, 4 КО) және Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) сынды саңлақтар бар.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар