Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

2016 жылдан бастап облыс әкімінің гранты негізінде 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орындарында даярланған екен. Биыл олар оқуларын бітіріп келмекші.

- 2019 жылы -16 дәрігер, 2020 жылы – 15 дәрігер, 2021 жылы – 10 дәрігер, 2022 жылы – 1 дәрігер резидентураны бітіріп өңірімізге келеді деп күтілуде. Одан бөлек, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 30 жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлауға облыс әкімінің арнайы гранты бөлініп, аймақтық саланы дәрігерлермен қамтуға мүмкіндік жасалып отыр. Сонымен қатар, еліміздегі жетекші, іргелес орналасқан жоғары медициналық оқу орындарымен: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетімен, Қазақ Ұлттық медицина мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университтерімен екіжақты Меморандумға қол қойылып, мамандарды даярлау, олардың біліктіліктерін көтеру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда, - деді ол.

Өткен жылы дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру үшін жергілікті бюджеттен 128 041,0 мың теңге қаражат бөлініп, 767 маман білімін жетілдірсе, 720 дәрігер – шеберлік сыныптарында біліктіліктерін арттырған. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, оның ішінде олардың шеберліктерін жақын және алыс шетелде шыңдауға зор көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен Корея мемлекетінде 7 маман біліктіліктерін арттырса, Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, Ресей) 157 маман білімдерін көтерді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы