Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізге белгілі жырау Алмас Алматовтың ұсынысы негізінде Қызылорда облысында жыраулық өнерді дәріптейтін қазақтың дәстүрлі өнер академиясы ашылады.

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

Бұл идеяны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бұрыннан көтеріп жүр еді. Енді дайындық жұмыстары облыстық бюджет есебінен атқарылып жатыр.

«Сыр бойының өзінде де үлкен іргелі үш мектеп қалыптасқан. Мұнда кешегі жыраулардың ізімен барлық дәстүрлер сақталып келе жатыр. Әсіресе әрбір мақамсазға деген талғампаздық, әрбір орындаушының шеберлігін арттыру, өзінің болмысын қалыптастыру деген сияқты мәселелер баса назар аударылады», - деді жырау Серік Жақсығұлов.

Академияның материалдық-техникалық базасы және оның әлеуметтік жеңілдіктері жергілікті бюджетінен шешіледі деп жоспарланып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы