Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

1508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің өкімімен «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Абсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

Қ. Абсұлтанов 1977 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Мал өнімін өндіру технологиясы» және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Бозгүл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы ретінде бастаған.

2000-2010 жылдары жеке және қаржы секторларында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2010-2017 жылдары Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім басшысы.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.