Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы төрт күн ішінде, яғни 18 мен 21 қаңтар аралығында ауа райының күрт бұзылуы жағдайында шығыс өңірінің барлық стансаларында арнайы техникаларды пайдалана отырып, түскен қалын қардан жолдарды тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

Жұмысқа шамамен 300 теміржолшы тартылды. Стансаларда жол шаруашылығы қызметкерлері, қар бұрқасыны кезінде бағыттамалы бұрмалардың жағдайына жауаптылар тәулік бойы кезекшілік етті. 

Қар тазарту жұмыстарына 44 дана қар тазалау және қар аршу техникалары жұмылдырылса, бұл ретте 2,5 мың шақырым жол қардан аршылып, 10 000 текше метр қар шығарылды.

Жол дистанциясы қызметкерлерінің күш-жігері арқасында пойыздар қозғалысының кестесі бұзылған жоқ. Ауа райының күрделі жағдайы мен қардың ұйытқуы мүмкіндігі ескеріліп, пойыздарды қауіпсіз және үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету үшін күн сайын нақты шаралар қабылдануда.