Күнтізбеге сай Қазақстандағы футбол маусымы 3 наурыз күні Қазақстан Суперкубогымен ашылады. Онда 2018 жылғы ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогының жеңімпазы «Қайрат» командалары кездеседі. Ал Премьер-лиганың бірінші тур ойындары 9-10 наурыз күндері өтсе, соңғы тур матчтары 10 қарашада өтеді деп жоспарланған.
10 сәуірде Қазақстан Кубогы ойындарының 1/8 финал кезеңі бастау алса, 22 қыркүйек күні финалдық ойын өтеді. Сонымен қатар 18-26 наурыз, 3-11 маусым, 2-10 қыркүйек, 7-15 қазан және 11-19 қараша күндері ФИФА-ның ресми күнтізбесі деп бекітілді. Бұл уақыт аралығында Ұлттық құрама футболшылары 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчтары мен Ұлттар лигасының ресми ойындарын өткізеді.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Egemen Qazaqstan»
Пікірлер(0)
Пікір қосу