Қазақстан • 23 Қаңтар, 2019

Президент жас кәсіпкер бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

1828 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламаға 32 млрд теңге бөлуді тапсырды.

Президент жас кәсіпкер бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

«Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесінде барлық өңірде жас кәсіпкер бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн. Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасын қолға алды. Бұл бойынша ауылдар мен шағын қалаларда 43 мың тұрғын оқып шықты. Мысалы, елімізде 7000 шағын ауыл бар. Мұндай ауылдарда мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсе алмай жүрген азаматтар көп. Осындай жастарға кәсіпкер бағдарламасымен арнайы мамандар кәсіп түрлерін ұсынып, оларға бағыт-бағдар көрсетеді. «Атамекен» палатасы жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған осы бағдарламасын ары қарай жалғастыра беруі керек» деді Елбасы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке «Бизнес-2020» деген Жол картасы бағдарламасы аясында сол жас кәсіпкерлерге бөлінетін қаржы көлемі 2 есеге арттыруды тапсырды.

«Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаражат көлемін екі есеге арттыруды тапсырамын. Осы арқылы үш жылда шамамен 300 мыңға жуық жастар бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Олардың төрттен бірі немесе кем дегенде 80 мың адам өз кәсібін бастап кетеді», деді Елбасы.

Н. Назарбаев университеттің жоғарғы курстарында оқитын студенттерді де бизнеске баулуды ұсынды.

«Бітіруші курстарда, университеттің жоғары курсында оқитын 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет. Көптеген студенттер 4-5 курста бизнеспен айналыса бастайды. Түрлі компаниялар үздік студенттерді шақыра бастайды. Үкіметке бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін үш жылдың ішінде 32 миллиард  теңге бөлуді тапсырамын», деді Елбасы.

«Жас ғалымдарға гранттар міндетті түрде берілуі керек. Егер осыны жүзеге асырсақ, 3 жыл ішінде 300 мыңға жуық жас бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығатын болады. Кем дегенде 80 мың адам, олардың төрттен бірі өз кәсібін бастап кетеді. ЖОО бітіруші 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет. Үкіметке бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3 жылдың ішінде 32 млрд теңге бөлуді тапсырамын.