Президент • 23 Қаңтар, 2019

Н.Назарбаев: Жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 млрд теңге қаржы бөлінсін

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында жас ғалымдарды қолдаумен айналысатынын айтты.

Н.Назарбаев: Жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 млрд теңге қаржы бөлінсін

Сондай-ақ елімізде білім қолжетімді болу керегін айтып, жастарды ерекше ойлап, белсенді болуға шақырды.

«Қарияларымызға зейнетақысын төлей алмай жатқан кезеңде жастарымызды шетелдегі үздік университеттерге білім алуға жібердік. Әрқайсысына 30-50 мың АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы беріп отырдық. Бүгінде шетелде оқып жатқан 14 000 студентіміз бар. Олардың 12000-ы қайтып келіп, елімізде еңбек етіп жатыр. Әлемдік стандартқа сай Назарбаев Университетін аштық. Оның түлектері әлемнің үздік университеттеріне біліктілігін арттыруға аттанады» деді Елбасы.

Одан бөлек жас ғалымдардың зерттеулеріне қолдау көрсететінін атап өтіп, оған бөлінетін қаржы көлемін мәлімдеді.

«Жас ғалымдарға ойларын жүзеге асыруға көмектесуіміз керек. Осыны жеке өзім қолға алмақпын. Осы орайда, Үкіметке іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайтуды тапсырамын. Жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 миллиард қаржы бөлінсін» деді Нұрсұлтан Назарбаев.