Спорт • 23 Қаңтар, 2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

917 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 қаңтар күндері Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша Қазақстан біріншілігі өтті деп жазады Olympic.kz. 

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

Ерлер арасында астаналық Дмитрий Морозов жеңімпаз атанды. Екінші орында - Виталий Щиголев (Павлодар), үшінші сатыда - Максим Баклажкин (Алматы). 

Әйелдер арасында Валерия Чадоваға (Алматы) тең келер ешкім болмады. Петропавлдық Елизавета Беркайм мен Мария Громова тиісінше екінші, үшінші орындарды иеленді. 

Жаөспірімдер арасында Илья Рысев, қыздар арасында Алина Даурановалар топ жарды. 

Еске сала кетейік, өткен аптада қысқа қашықтыққа жүгіруден ел чемпионаты мәресіне жеткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар