Парламент • 23 Қаңтар, 2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

658 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 ақпанда Сенатта Жастарды қолдауға бағытталған дөңгелек үстел өтеді. Онда депутаттар мен жастар өкілдері өз бастамаларын заң жүзінде қолдау мүмкіндіктерін талқылайды. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter парақшасында жариялады.

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

«Қазақстан жастары білімді, жан-жақты дамыған әрі дарынды. Біздің еліміздің болашағы солардың қолында. Мемлекет басшысы ашқан Жастар жылы жас ұрпақтың өзекті мәселелерін шешуге күшті серпін береді, олардың өзін-өзі танытуға мүмкіндік туғызады» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter парақшасында.

Сондай-ақ ол еліміздің белсенді жастарына тиісті жағдай жасалуы керек екенін айтады.

«Қазақстанның озық ойлы жастары ғылымда, ІТ технологияда, мәдениет, бизнес пен спортта тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Қабілетті, жігерлі жастарға тиісті жағдай жасап, ынта-ықыласын арттыру керек» делінген жазбада.