Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Надежда Ногайға «допинг қолданды» деген айып тағылды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің танымал ауыр атлеті Надежда Ногай бірер жылға үлкен спорттан шеттетілуі мүмкін. Қазіргі кезде оған «допинг қолданды» деген айып тағылып отыр.

Надежда Ногайға «допинг қолданды» деген айып тағылды

Даңқты Үштөбе ауыр атлетика мектебінің өкілі әйгілі бапкер Лазарь Донның қол астында жаттығып, осы спорт түрінің қыр-сырына қанықты. Кейіннен Шымкентте ауысып, Юрий Мельниковтан тәлім-тәрбие алды. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Надежда Ногай жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы жарыстарда жасындай жарқырап, бес рет әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Құрлықтық додаларда да сан мәрте дараланды. Сол бәсекелерде ол өзінің басты қарсыластарынан 30-40 келіден артық салмақты еңсеріп, төрткүл дүние жанкүйерлерін тамсандырды. Әйелдер арасындағы сайыстарда да Ногай өзін жақсы қырынан көрсетіп, елшілік және халықаралық турнирлерде топ жарып жүрді.

Егер «допинг қолданды» деген күдік расталатын болса, онда Надежда Ногайға 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатыссам деген өзінің үкілі үмітімен қош айтысуға тура келеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»