Қазақстан • 24 Қаңтар, 2019

25 қаңтар күні үш облыста ауа райы бұзылады

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты республиканың үш облысында ескерту жариялады.

25 қаңтар күні үш облыста ауа райы бұзылады

25 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында бұрқасын соғып, тұман түседі. Күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

25 қаңтарда таңертең және күндіз Қостанай облысында боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с-ке артады.