Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Дмитрий Алексанин әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар астанасы Дохада шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінген жоқ. Ең үздік нәтиже – 11-орын ғана деп жазады Olympic.kz. 

Дмитрий Алексанин әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді

Азия ойындарының жеңімпазы Дмитрий Алексанин 1/16 финалда болашақ испандық Юлен Перейрадан 11:15 есебімен ұтылды. Ал өз кезегінде Перейра күміс иеленсе, чемпиондық атақ француз Яник Борелдьдің еншісінде кетті. 

Қола медальді АҚШ спортшысы Джейкоб Хойли мен украиналық Богдан Никишиндер жеңіп алды. 

Жарыс қорытындысы бойынша Алексанин әлемдік рейтингте 4-ші орынға көтерілді. 

Өзге де қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

Ерлік Сертай, 46;

Руслан Курбанов, 64;

Эльмир Алимжанов, 101;

Вадим Шарлаимов, 103;

Дмитрий Адайкин, 111;

Әсел Әлібекова, 84;

Ульяна Балаганская, 97.