Қазақстан • 28 Қаңтар, 2019

Көкшетауда құрылыс қарқыны артады

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау соңғы жылдары айрықша қарқынмен дамып келеді. Облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарына жан бітуде. Әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары артқан. Қалада жаңа өндіріс ошақтақтары бой түзеуде. Мұның барлығы Көкшетаудың көркін еселеуге оң ықпал етіп отыр.

Көкшетауда құрылыс қарқыны артады

– Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 40 млрд. теңгеге жуық. Өсім көлі 130 пайызды құрап отыр. Қалада құрылыс қарқынды жүргізіліп келеді. Былтыр 165 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық, - дейді Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев.

Қала тұрғындары арасында жаңа «Рухани жаңғыру» сарайы салынатындығы жағымды хабар ретінде жиі айтылуда. Бұл нысан Көктем шағын ауданында бой көтеріп, тұрғындардың мәдени-рухани өміріндегі басты орынға айналмақ.

Алдағы жылдары тұрғын үй құрылысымен қатар азаматтардың жеке баспана салуына арналған жер телімдері беріледі. Ол үшін алдағы уақытта электр жарығы мен су құбыры тартылған 3 мың жер телімі әзірленуде. Бұл шара ұзақ жыл бойы кезекте тұрған қала тұрғындарының санын біршама азайтпақ. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»