Үкімет • 28 Қаңтар, 2019

Қазақстан 2019 жылы шикізаттық емес экспорт шекарасын кеңейтеді — А. Қабыкенов

606 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау аясында экспорт көлемін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қазақстан 2019 жылы шикізаттық емес экспорт шекарасын кеңейтеді — А. Қабыкенов

Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттың үлесі соңғы 5 жылда 9%-ға өскен.ҚР ИИДМ деректері бойынша, 2018 жылдың 11 айында экспорттың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға өскен. Шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі $14,3 млрд құрады.

А. Қабыкеновтың айтуынша, экспортты ілгерілету аясында бүгінде мемлекеттік қолдаудың әртүрлі қаржылық және қаржылық емес шаралары ұсынылуда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық қолдау көрсету шараларының аясында «KazakhExport» АҚ-ы желісі бойынша 50 экспорттаушыға қолдау көрсетілген, оның ішінде 27 компания алғаш рет аталған қолдауды пайдаланды. Қолдау көрсетілген экспорттық келісімшарттардың соммасы 419,7 млрд тг құрады.

2018 жылы экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету аясында шетелде 50-ден астам іс-шара өткізілді. Қазақстандық экспорттаушылардың шетелдік көрмелер мен сауда миссияларына қатысуы шамамен $0,5 млрд құрайтын 100-ден астам экспорттық келісімшарт жасасуға мүмкіндік берді.

 

Өткен жылы «Атамекен» ҰҚП қаржылық емес қолдау көрсету шаралары аясында экспортқа бағытталған 368 кәсіпорынға паспорт берді.

Бүгінгі таңда Қазақстан 119 елге 800-ге жуық өнім экспорттайды. Сонымен қатар ҚР-ның экспорттық қоржыны жыл сайын орта есеппен алған 5-8 өнім топтарымен  толықтырылады. Атап айтқанда, 2017 жылы экспорттық тауарлардың жаңа топтары автокөліктер, күн панельдері, газ қазандықтары, картридждер, рельстер және POS-терминалдары болды.

«2018 жылы БАӘ нарығына балды өнеркәсіптік мөлшерде экспорттай бастадық, ҚХР нарығына алғаш рет қазақстандық балмұздақты шығара бастадық. Біздің Министрліктің қолдауымен ҚХР-да ұйымдастырылған сауда-экономикалық миссияның аясында алғаш рет Қытай нарығына қазақстандық ет жеткізілді, келісімшарт ұзақ мерзімге, 5 жылға  жасалды», — деді А. Қабыкенов.

Бұған қоса, өткен жылы Сиань қаласында Қазақстанның бірінші сауда үйі ашылды, онда биыл қазақстандық өнімдер ұсынылатын болады, олар сонымен қатар ҚХР электрондық сауда желілерінде де ілгерілетілетін болады.

А. Қабыкенов бүгінгі күні РФ, Әзербайжан, ҚХР, Өзбекстан, Украина және Иран секілді жақын маңдағы елдерге қазақстандық өнімдердің экспортын арттыруға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Негізгі әлеуетті тауарлар — машина жасау, тамақ, сүт, сондай-ақ құрылыс материалдары өнімдері.

Сонымен қатар, Елбасының Жолдауы аясында дәстүрлі нарықтардан айырылмау, сонымен қатар экспорт көлемін және географиясын арттыру мақсатында алдағы үш жылға 500 млрд теңге бөлінді.

Президент Жолдауы аясында бөлінген қаражат келісі бағыттарға жолданады:

1. экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыруға;

2. экспорттаушылар мен импорттаушыларға «ҚДБ» АҚ құралдары арқылы несие беруге);

3. «KazakhExport ESC» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту және мемлекеттік кепілдіктердің жаңа түрін енгізу;

4. отандық экспорттаушыларға көлік шығындарының бір бөлігін өтеу тетігін енгізу;

5. дәстүрлі типтерді күшейту және сервистік қолдаудың жаңа құралдарын енгізу.

 

2021 жылға дейін күтілетін экспорттық пайда өсімі — 725 млрд тг.

2019 жылы сервистік қолдаудың жаңа шараларын енгізу үшін Орталық Азия, ҚХР, Түркия, БАӘ елдерінде сауда өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр. Бұл өкілдіктердің мақсаты — қазақстандық экспорттаушыларды шетелде қолмен сүйемелдеу.

Сонымен қатар сыртқы нарықтарға қолжетімділікті жеңілдету үшін шетелдік техникалық регламенттер мен талаптарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару жоспарланып отыр. export.gov.kz порталы экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау алуды жеңілдету үшін жаңартылған, онда әрбір кәсіпкер экспортты ілгерілетуге байланысты қызметтерді ала алады, сондай-ақ сауда-экономикалық миссияларға қатысуға өтінім бере алады. Бұдан өзге, порталды жетекші нарықтармен, логистикалық қызметтер диспетчерлерімен және электрондық кедендік декларациялау жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр.

ҚХР, БАӘ және Иранның нарықтарына кіруді жеңілдету үшін осы елдерден инспекциялық комиссияларын қазақстандық экспорттаушылардың кәсіпорындарына бару үшін шақыру жоспарлануда. Сонымен қатар, осы жылы ҚР ИИДМ шетелдік сатып алушыларды (Metro (Қытай, Ресей, Таяу Шығыс), Migros (Түркия), Ашан (Ресей, ЕО), Wumart (Қытай), Vanguard (Қытай), Yonghui (Қытай) отандық тауар өндірушілермен кездесу үшін шақыруды жоспарлауда.

«Нақты жоспарлар бар. Қазақстанда жыл сайын сыртқы нарықтарда 8-10 өнім түрі көбейтіледі. Бұл жаңа өнімдер болмаса, өнеркәсіптік ауқымға шығамыз. Биыл экспорт шекарасын кеңейту көзделген. Жалпы жұмыс оң қарқынмен жүргізіліп жатыр. Жоғарыда аталған шаралар табысты жүзеге асырылса, экспорт көлемі 2022 жылға қарай 1,5 есеге артады», — деп түйіндеді А. Қабыкенов.