Теннис • 29 Қаңтар, 2019

Санкт-Петербург қаласында теннистен WTA турнирі басталды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында теннистен WTA турнирі басталды. Жүлде қоры 757 900 АҚШ долларын құраған жарыста қазақстандық Юлия Путинцева да өнер көрсетеді. 

Санкт-Петербург қаласында теннистен WTA турнирі басталды

Әлемдік рейтингте 41 сатыда тұрған еліміздің бірінші ракеткасы өзінің алғашқы кездесуін бүгін өткізеді. Ол WTA тізімінде 181 орынды иеленіп отырған Чехия теннисшісі Тереза Мартицоваға қарсы ойнайды.

Сондай-ақ, Нева жағлауындағы жарыста чехиялық Петра Квитова, беларуссиялық Виктория Азаренко, швейцариялық Тимя Бачински, хорватиялық Донна Векич, ресейлік Мария Шарапова мен Вера Звонарева, германиялық Юлия Гергес, словакиялық Доменика Цыбулкова, франциялық Ализе Корне, голландиялық Кики Берненс және тағы басқа танымал теннисшілер өнер көрсетуде.    


Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»