Қазақстан • 30 Қаңтар, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев министрлерді отандық киімдерді киюге шақырды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдерді отандық киімдерді киюге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев министрлерді отандық киімдерді киюге шақырды

«Ең алдымен отандық өнімдерді насихаттау керек. Солай жеңіл өнеркәсіптің әлеуетін көтереміз» деді Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Мемлекет басшысы Қазақстандағы Жастар жылының ашылу салтанатында көрмеде ұсынылған компания өнімдерін айрықша атап өтті. «Егер біз оларға жол ашсақ, олар үлкен компанияға айналады. Біз нарық керек дейміз, бірақ өзімізде барды пайдаланбаймыз. Бұларды да байқап көруге тиіспіз» деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бөлінген 600 млрд теңге импортты алмастыруға жұмсалатынын айтты.