Сенат депутаты Армения мен Ресейден ескі көліктерді Қазақстанға кіргізбеуді сұрады

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Нариман Төреғалиев ел аумағына Ресей, Армения, Қырғызстан елдерінен көптеп жеткізіліп жатқан ескі көліктерге қатысты мәселені көтерді.

Егемен Қазақстан
31.01.2019 5931
2

«Депутаттық сауалға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден сатып әкелініп жатқан әбден тозығы жеткен ескі көліктер себепші болды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бірқатар өңірімен шекараласып жатқаны белгілі. Екі ел арасында сауда-саттық жыл сайын артуда. ЕАЭО аумағындағы шекаралардан әрлі-берлі өту біраз жеңілдегеннен кейін, алыс-беріс те, барыс-келіс те жақсара түсті. Соның бір айғағы - соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысында тіркелген автомобильдердің саны күрт өсуде. Бүгінде облыста 143 мыңнан астам көлік тіркелсе, соңғы бес жылда 43 мыңға өскені анықталды. Әрине, бұл қуантарлық жағдай, бірақ сол Ресейден сатып әкелініп жатқан ескі көліктер еш жерде тіркелмей, жол ережесін бұзуға әбден әуестеніп кеткені халықты және құқық қорғау органдарын әбігерге салуда», - деді депутат Нариман Төреғалиев.

Оның айтуынша, 2018 жылы облыс аумағында 3 724 әртүрлі жол-көлік оқиғасы орын алған болса, соның ішінде 583-і шетелдік көліктерді тізгіндегендердің үлесінде. Солардың 102-сі жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен.

«Осындай көліктерге қатысты жол ережелерін бұзушыларды анықтау өте қиынға соғуда. Оларды тіркеу немесе бақылау мәселелері заңды түрде реттелмегендіктен, қашып кеткен көліктерді іздестіру оңайға соқпай отыр және әкімшілік шара қолдану мүмкіндігі де шектеулі. Себебі көліктің иесі шетелдік азамат, ал бізде ол машинаның иесі кім екені белгісіз. Осындай иесіз көліктер әртүрлі қылмысқа барушылар үшін де қолайлы екені даусыз», - деді ол.

Сенатор облыста тіркелмеген шетелдік нөмірмен жүрген көліктер жолаушылар тасумен қатар, жүк тасымалымен де айналысып жатқанын жеткізді. Олар тіркелген жері бойынша техникалық байқаудан өтуге тиісті көліктер, ал іс жүзінде тек қолдарында талондары бар. Ал олардың нақты техникалық байқаудан өткенін анықтау мүмкін емес.

«Осы аталған жағдай тек Батыс Қазақстан облысына ғана тиесілі мәселе емес, бұл барлық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен шекаралас жатқан Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Қостанай, Петропавл, Павлодар қалаларында және Астана қаласында орын алып отырған жағдай. Соңғы кездері Армения, Қырғызстан елдерінен де өте көп ескі жеңіл көліктер сатып әкелінуде. Шет мемлекеттерден Қазақстанға жеткізілген көліктерді тіркеуге алу қолданыстағы заңмен белгіленбегендіктен, осы ескі көліктердің санын анықтау да мүмкін болмай отыр. Бұл аз болғандай, заңсыз көліктер Моңғолиядан да әкелінуде», - деді Нариман Төреғалиев.

Статистикалық мәліметке қарағанда, 2018 жылдың 1 желтоқсанына тіркелген жеңіл көліктердің саны 4 млн 48 мың бірлікке жеткен, соның 63,5 пайызы пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер. Демек, еліміздегі автомобиль паркінің ескіруі экологиялық мәселелерді ушықтыра түсуімен қатар, экономикалық шығындарды да еселей түсуде.

«Шетелдік «сырты бүтін, іші түтін» жеңіл көліктердің тізгініне қаншама адамның өмірі тәуелді екенін айтпай-ақ түсінуге болады. Адамның өмірі мен оның қауіпсіздігі ең басты мәселе екенін атап өткім келеді. Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жоғарыда баяндалғандардың негізінде осы мәселелерді реттеуге қатысты қандай шаралар қабылданып жатқаны және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Үкіметтің ұстанымы туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз», - деді депутат.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу