Әлем • 31 Қаңтар, 2019

ВВС Еуроодақ аумағында штаб-пәтерін ашады

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияға тиесілі ВВС корпорациясы «Брекситтен» кейін Брюссель немесе Амстердам қаласында штаб-пәтерін ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Times газеті хабарлады.

ВВС Еуроодақ аумағында штаб-пәтерін ашады

Еуропа құрлығында штаб-пәтер ашу Еуроодақтан хабар таратып тұруды жалғастыруға мүмкіндік береді деді корпорация бас директоры Тони Холл Британия Парламентінің төменгі палатасының отырысында. Өйткені «Брекситтен» кейін Еуроодақтан хабар тарату тоқтап қалуы мүмкін.

Бұл туралы нақты шешім 29 наурыздан бұрын жарияланбайтынын да атап өтті. Қай жағдайда да Еуропада бірнеше тілшісі болатынын да жасырмады.