Білім • 01 Ақпан, 2019

Қазақстан мен Өзбекстан университеттері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Ташкенттегі ақпараттық технология университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы kaztag.kz хабарлады.

Қазақстан мен Өзбекстан университеттері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Өзбекстанның Ақкомминистрлігінде хабарлағандай, аталған құжатқа 29 қаңтарда Ташкент ақпараттық технология университетінде қол қойылған. Меморандумға сәйкес білім және ғылым қызметі саласында дамыту мен байланысты нығайту қарастырылған. 

Сондай-ақ, кездесу аясында қазақстандық делегация ТАТУ білім жүйесі және зертханаларымен танысты.