Қазақстан • 02 Ақпан, 2019

Қазақстан мен БАӘ сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әмірліктердің бастамасы бойынша Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан мен БАӘ сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында екіжақты және көпжақты алаңдарда Қазақстан-Әмірліктер қарым-қатынастарының кең ауқымды мәселелері талқыланды. Сыртқы істер министрлері алдағы 2019 жылы өтетін жоғары деңгейдегі іс-шаралар жоспарын, оның ішінде Абу-Даби қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымы Министрлер Кеңесінің 46-сессиясына Қазақстанның қатысуын талқылады.

Негізгі мәселелердің бірі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту болды. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтудың маңызды құралы - Қазақстан-БАӘ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы болып табылады, оның 7-ші отырысы ағымдағы жылдың мамыр айында Астанада өтуі жоспарлануда. Тараптар сауда-экономикалық қатынастардың жоғары деңгейіне және Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестицияның өсуіне қанағаттануын білдірді.

Б. Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестицияларды тарту және экспортты ынталандыру бойынша жаңа функцияларының контекстінде екіжақты экономикалық ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді.

БАӘ Сыртқы істер министрі Әмірліктер 2022-2023 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретінде өз кандидатурасын ұсынғанын мәлімдеді. Осыған байланысты шейх Абдалла беделді халықаралық ұйымдағы Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытты.