Қазақстан • 02 Ақпан, 2019

«Қайрат» жартылай финалда «Барселонамен» ойнайды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Сәуір айының соңында Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалы» өтетіні белгілі. Сол жарыстың жартылай финалында «Қайрат» Испанияның «Барселона» клубымен күш сынасады.

«Қайрат» жартылай финалда «Барселонамен» ойнайды

«Барселона» ­- қарт құрлықтағы ең белді командалардың бірі. Іргетасы 1986 жылы қаланған клуб Испания чемпионатында үш рет (2011, 2012, 2013) топ жарып, ел кубогын төрт мәрте (1989, 2011, 2012, 2013) олжалады. Өз еліндегі Король кубогында төрт рет (2011, 2012, 2013, 2014) жеңімпаз атанды. УЕФА кубогы жолындағы жарыста екі мәрте (2012, 2014) дара шықты.

Ал «Қайраттың» жүріп өткен жолы өздеріңізге мәлім. Алматылық ұжым Қазақстан чемпионатында 16 мәрте топ жарып, 14 рет ел кубогын және 4 рет суперкубокты иеленді. 2013 және 2015 жылдары жерлестеріміз УЕФА кубогында бас жүлдені еншілесе, 2014 жылы әлем суперкубогын олжалады.

Екінші жартылай финалда Португалияның «Спортингі» мен Испанияның «Интер-Мовистар» клубтары күш сынасады. Бұл бәсекелер 26 сәуірде өтеді. Ал УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы 28 сәуірде анықталады. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»