Әлем • 04 Ақпан, 2019

Ла-Манш бұғазынан із-түзсіз жоғалған футболшы Эмилиано Саланың ұшағы табылды

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ла-Манш бұғазынан қаңтарда із-түзсіз кеткен «Кардифф Сити» клубының тарихындағы ең қымбат ойыншы, аргентиналық Эмилиано Сала ұшқан ұшақтың сынығы табылды деп хабарлайды ВВС.

Ла-Манш бұғазынан із-түзсіз жоғалған футболшы Эмилиано Саланың ұшағы табылды

Ұшақ сынықтары Гернси аралының маңынан табылды. Ол жерге әуедегі оқыс оқиғаларды тексеру бөлімінің (ААІВ) мамандары жіберілді. Полиция хабар-ошарсыз кеткендерді аман табудың мүмкіндіктері тіптен аз екендігін мәлімдеген соң, жоғалған футболшыны іздеуге жекеменшік кемелер жұмылдырылған болатын. Оларға футболшы отбасының мүшесі, мұхиттанушы Дэвид Мирнс басшылық етті.

Еске сала кетейік, жеңіл моторлы «Пайпер Малибу» ұшағы Ла-Манш бұғазының үстінен ұшып өтіп бара жатқанда, 22 қаңтар күні радар бетінен жоғалған еді. Оның бортында болған футболшы Эмилиано Сала бұған дейінгі бүкіл карьерасын француз клубтарында өткізген. «Нант» ойыншысы Уэльстің «Кардифф» клубымен келісімшартқа отырып, жаңа командасына қосылу үшін бара жатқанда апатқа ұшырады.

Ол Уэльс клубының тарихындағы ең қымбат ойыншы еді. Оның трансферлік құны 15 млн фунт стерлинг болды.