04 Ақпан, 2019

Жәнібек Әлімханұлы: «Канелоны» жеңіп, GGG-дің титулдарын Қазақстанға қайтарғым келеді

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ғана барлық қазақстандықтарды жеңісімен қуантқан боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алдағы уақытта WBA (Super)/WBC бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Sports.kz. хабарлады.

Жәнібек Әлімханұлы: «Канелоны» жеңіп, GGG-дің титулдарын Қазақстанға қайтарғым келеді

«Канело» - менің салмағымдағы чемпион. Мен әлем чемпиондарымен бокстасқым келеді. Сондықтан «Канеломен» жекпе-жекке шығуға дайынмын. GGG одан жеңіліп қалды, ал мен Геннадийдің жерлесімін, сол үшін «Канелоны» жеңіп, титулдарын Қазақстанға қайтарғым келеді», - деді Жәнібек Fino Boxing арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, кеше АҚШ-тың Фриско қаласында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының бесінші жекпе-жегі жеңіспен аяқталғанын жазған едік. 25 жасар қазақстандықтың бұл жолғы қарсыласы америкалық Стивен Мартинес – «The Hitman» болды. Кезекті кездесуде Жәнібек нағыз «қазақша» стильді көрсетіп кетті. Жекпе-жек 8 раундқа есептелген еді, бірақ  5 раундты боксшымыз техникалық нокаутпен аяқтады.