Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің өтінішін қабылдады. Бұл туралы ҚР Конституциялық Кеңесінің сайтында жарияланды.

Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады

«2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде» делінген хабарламада.