Үкімет • 05 Ақпан, 2019

Жұмысшы жастар үшін 1 мың пәтердің құрылысы қолға алынады - Ж.Қасымбек

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста «Жастар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау», «Ашық аспан» тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімдеді. 

Жұмысшы жастар үшін 1 мың пәтердің құрылысы қолға алынады - Ж.Қасымбек

Ж.Қасымбектің айтуынша, министрлік «Ашық аспан» жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық Келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланған.

Ал «Жастар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау» тапсырмасы бойынша «Жастар жылы» жол картасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 1 мыңнан кем емес жалға берілетін пәтерлердің құрылысын (немесе сатып алуын) қолға алмақ.

«Министрлікпен нақты тетіктері мен қаржыландыру көздері белгіленді. Бюджеттік ұйымдардың қызметкердері үшін бағадарламаның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй сертификаттарын беру мәселелері жөнінде тұрғын үй заңамасына түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жұмыстар жүргізілуде» деді Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасына, «Нұрлы жер» бағдарламасына түзетулер енгізіліп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қарыздарының бастапқы жарнасының мөлшерлемесі 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілгені туралы хабарлады.

«Осы шаралар тұрғын үйдің қолжетімділігін барынша қамтамасыз етеді» дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.