Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Шекарашылар оқ-дәрілері бар карабинді асырмақ болған адамды ұстады

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнеу шекара жасағының «Бейнеу теміржол» шекаралық бақылау бөлімшесінде шекарашылар «Нөкіс-Бейнеу» бағытындағы № 647 теміржол көлігінің құрамын тексеру барысында ілеспе құжатсыз 0,5 литрлік 359 шөлмек спирттік ішімдігін (арақ)  алып өтпек болған 27 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Жүк «Бейнеу» кедендік бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. 


Шекарашылар оқ-дәрілері бар карабинді асырмақ болған адамды ұстады

Осыған ұқсас жүкті Қордай шекара жасағының шекарашылары да ұстады. «Қордай авто» шекаралық бақылау бөлімшесі «Мереседец Бенц Спринтер» автомашинасымен Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына кетіп бара жатқан 35 жастағы Қырғыз Республикасының азаматын ұстады. Автомобильді тексеру кезінде салонынан жалпы мөлшері 1000 литрден стам әртүрлі маркадағы 2203 шөлмек арақ-шарап бұйымдары табылды. Жүктің құжаты болған жоқ. Жүк Қордай аудандық МКД-ге тапсырылды.

Орал шекара жасағының «Сырым авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде «Lexus» автомашинасымен ҚР-дан РФ-ға кетіп бара жатқан Ресей Федерациясының 43 жастағы азаматы ұсталды. Автомобильді тексеру кезінде (багаждық бөлігінен) «BLASER R-8» маркалы карабин және оған қоса 30-06 калибрдің 25 оғы табылды. Ұсталған азамат қаруымен бірге Байтерек аудандық ішкі істер органына тапсырылды.