Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту азайған

Жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде, бүгінде өңірде мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілері азайған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.

Егемен Қазақстан
06.02.2019 1328
2

Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасының тауарларды жеткізу бойынша бақылау бөлімінің жетекші маманы Асылбек Қалмақбай, автоматтандырылған уақытты қадағалау жүйесінің арқасында мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы айтарлықтай азайғанын айтады.

-Мен 2016 жылы «Yessenov Univercity» оқу орнын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде бастадым. Осыдан 2 жыл бұрын облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне ауысқан болатынмын. Бұрындары жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан кейде қалуға немесе демалыс күндері шығуға тура келетін кездер жиі болатын. Ал қазір бұл күндер артта қалды. 8 сағаттық жұмыс уақытынан кейін компьютер автоматты түрде өшіріліп, уақытында үйге қайтамыз, дейді ол.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту деректерін алдын-алу бойынша бірқатар мемлекеттік мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Аталмыш шараға Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау жасау және бағалау жөніндегі Арнайы мониторингтік топ мүшелері қатыстырылған. Бұрындары үстеме жұмыстарға жиі жол беретін мемлекеттік мекеменің бірі – Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті болатын, бүгінде еңбек тәртібіне байланысты жұмыс регламентін сақтау және қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта болу фактісінің орын алмауы қамтамасыз етілуде. Бұл туралы Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Дауылбай Оңдасынов айтып берді.

- Шұғыл жұмыстар бола қалса, басшылықтың рұқсатымен ғана жұмыс уақытынан кейін 2 сағаттан артық қалуға рұқсат етілмейді. Себебі мемлекеттік қызметші уақытында демін алуы керек. Ал бос уақытында спорт залға барып шынығуға, кітап оқуға немесе қыдыруға, сонымен қатар киноға, театрға баруға мүмкіндік болады. Ең бастысы өздерінің отбасына барып, бос уақыттарын туыстарының қасында өткізе алады. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзбауға керісінше оларды қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба бермек, деді ол.

Жұмыс берушілер заңның орындалысын бақылауда ұстағаны дұрыс, себебі қызметшіні артық еңбекке тарту мекемені әкімшілік шығынға да батырады. Ал бұған дейін орын алған заң бұзушылықтар бойынша, уәкілетті орган мекеме басшыларының жауапкершілігін қарау жөнінде облыстық еңбек басқармасына материалдар жолдаған. Нәтижесінде қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту деректері бойынша Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жауапты тұлғаларына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 89 бабына сәйкес айыппұл салынған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу