Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

Банкроттық кімге пайда, кімге зиян?

782 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Нарықтық эеономикалық талаптары туғызған бүгінгі шаруашылық жүргізу құқығын тоқтату тәсілдерінің бірі –банкроттық болып табылады. Егер белгілі бір кезеңге дейін тәп-тәуір жұмыс жасап келген кәсіпорындар банкроттыққа жатқызылса немесе олар өздерін-өзі банкротпыз деп жарияласа, бұған ешкім елең ете қоймайтын секілді. Е, дейді де қояды.өндірістік құрылымдардың банкроттыққа ұшыруы деген ұғым-түсінікпен отагдастарымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 4-5 жылда жиірек беттесе бастағаны ұмытыла қойған жоқ.

Банкроттық кімге пайда, кімге зиян?

Бұл шамамаен тоқсаныншы жылдардың орта шеніне, әрі осы уақыт аралығынан асқан кезге тұспа-тұс келеді. Бұл тұстағы тәртіп басқашалау болаты, яғни сол жылдарды банкрот болған кәсіпорындардың қызметіне талдаулар мен тексерулер жүргузі үшін қоғамдық негізде жұмыс жасайтын комиссиялар құрылатын. Оған жетекшілік жасайтындар өмірден көргені мен түйгені мол, шаруашылық қызметінің ішкі иірімдерін, оның қыры мен сырын терең меңгерген тәжірибелі адамдар арасынан тағайындалатын. Олар өздеріне бекітіліп берілген банкроттыққа ұшырады делінген өндіріс орнында айлар бойы жұмыс жасап, мәселенің анық-қанығына көз жеткізуге ұмтылатын.

Соңғы уақытта нарықтық қарым-қатынастар үрдісінің өзі туғызған осы оң тәжірибе ескерілмей келе жатқаны аңғарылады. Соның салдарынан банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындардың қызметінде ашықтық пен жариялылық жетіспей жүргені де жасырын емес. сайып келгенде бүгінгі күні банкроттық мекемелермен жұмыс жүргізуде екінші деңгейдегі банктер мен жергілікті өкілетті органдардың қызметі қожырап кеткендей. Дәл осы алаңдатарлық ахуал Ақтөбеде өткізілген алалы жиын үстінде айтылды да. Бұдан көңілге түйген тағы бір жәйт банкроттық үдерісіне дейінгі кезеңде сол кәсіпорындардың дені үуіметтен әр түрлі көлемде несиелік қаражаттар алып келгендігі. Бұл сомалар қандай қажеттіліктерге жұмсалды? Өз мақсатына пайдаланылып,   кәсіпорынның жыртығынжамауға септігін тигізе алды ма?әлде үкімет қаражаты бостан-бос өздерін банкротпыз деп жариялағандардың жан қалтасында кете барды ма?

Жоғарыда айтылған жиында белгілі болғандай өңірде бұл мәселеге алаңдап жүрген ешкім көрінбейді десе де болады. Қазіргі қолда бар деректер Ақтөбе аймағында банкроттықа ұшырайтын кәсіпорындардың алдыңғы тізбегін құрайтын құрылыс және жол компаниялары екенін көрсетеді. Кәне, тағы бір ой таразысына салып көрейікші. Бүгінде еліміздің қай түпкірінде де не көп, құрылыс қарқыны мен ауқымы көп емес пе? Бүгінде басты басымдыққа айналған автожол құрылыстары ше? Өзге құрылымдармен салыстыра қарағанда жұмыс ауқымы жоғары саналатын бұл буындардың банкроттыққа тап болуының арғы астарында не сыр бар? Бүгінгі күні бұл сауалға жедел әрі нақты жауаптар қайтарылмауының басты себептері олардың қызметне терең талдаулар мен зерттеулер жасалмай келгенінде десек, қателесе қоймаймыз.

Себепсіз салдар жоқ, жарайды, солай-ақ болсыншы дейікші. Әйтсе де өңірде банкрот деп табылған кейбір кәсіпорындардың аталан өндірістік ұжымда істеген қызметкерлерге қарызы қордаланып қалса, бұған кім жауапты? Айталық қазіргі кезде облыста бес банкроттық мекеме кәсіпорынның қызметкерлер мен жұмысшылар алдындағы қарызы 74 миллион тенге құрап отыр екен. Ең бір қынжынарлығы осы қомақты соманың бірде-бір теңгесі әлі күнге дейін қызметкерлерге төленбеген. Бүгінгі күні құрылған жұмыс тобы мүшелері назар аударатын басты мәселе осы болса керек.

Табан ақы, маңдай терімен келген жалақысы уақытында төленбесе, мұндай көрініс адамдардың заңды реніші мен наразылығын туғызуы әбден мүмкін. Банкроттыққа ұшыраған мекеме кәсіпорындардың жетекшілері ең алдымен мәселенің осы жағына тереңірек назар аударса, бұдан еш ұтылмас еді демекпіз.

Темір Құсайын,

«Eqemen Qazaqstan»

АҚТӨБЕ