Қазақстан • 06 Ақпан, 2019

Қостанай облысында аяздан 2 адам қайтыс болып, 7 адам зардап шекті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде облыстық деycаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Денисов және Әулиекөл аудандарында 1990 және 1968 жылғы екі әйел далада қалғаннан, үсіп өлген. Қостанай қаласында бір адамның саусақтары үсік шалып, ауруханаға түскен.

Қостанай облысында аяздан 2 адам қайтыс болып, 7 адам зардап шекті

Ал Рудный қаласында саусақтарын үсік шалған 4 адамға көмек көрсетілген, бірақ ауруханаға жатқан жоқ. Ұзынкөл ауданында машина сынып, жолда қалған бір жолаушы да үсіктен зардап шеккен. Ол облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентінде де қатты тоңып, денсаулығы нашарлаған бір адам Қостанай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аяз болады деген күннің алдын ала тұрғындар арасында үсіп кетуден сақтану туралы әңгімелдер өткізді, үсік шалудан сақтанудың әдістерін айтты, ескертті.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай