Астанада жастарды жұмысқа орналастыруға арналған бірыңғай база құрылады

«Астана жастары» орталығы Жастар жылында фестивальдер, байқаулар, концерттер, флешмобтар, спорттық жарыстар, КТК мен жас астаналықтарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған жобалар сияқты 150-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлауда. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Егемен Қазақстан
07.02.2019 3615
2

Жыл «SEEDSPACE ASTANA» қалалық инновациялық алаңды құруға және «TRANSFORMATION – 2019» NEET санаттағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған кешенді іс-шаралардан басталады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің алаңы арқылы жастарды біріктіру жоспарланған. Студенттік медиа-орталықтар мен футбол лигасы құрылады. Біраз іс-шаралар жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталады. Осы жылы оқу орындарын тәмамдаған жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған «Astana Graduate» атты бірыңғай база құрылады.

Одан бөлек, жоспарда адамдар көп жиналатын орындарда жастарға көмек беретін орталықтар ашу, мектеп оқушыларына мамандық таңдауға бағыталған «JANA JULDYZ» және Астана жастарын ақпараттық тұрғыда қолдауға арналған «CALL CENTER 2019» жобасын жүзеге асыру бар. «Жастарға көмек беру орталықтарын ашу ең тиімді бағыт болды. Біз осындай орталықтарды өткен жылы "Аймақ Тау", "Ақ Жол", "Көк базар" базарларында ашқан болатынбыз. Олар қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін жұмыс жасады.  

Заңгерлер, психологтар, менеджерлер жастарға барлық мәселелер бойынша жұмысқа орналастыру және бизнесті ашу, тұрғын үй мәселесі, баланы балабақшаға орналастыру сияқты мәселелер бойынша кеңес берді. Осы жылы осындай орталықтарды Астанадағы барлық сауда үйлерінде ашқымыз келеді», – деді елорда әкімдігінің «Астана жастары» КММ жетекшісі Үкібай Нұрпейісов. Сонымен қатар, білім беруге бағытталған жобалар бар. Соның бірі – білім ордаларында жастардың ағылшын тілін меңгеруін жетілдіруге және үш тілділік бағдарламасын қолдауға арналған «Open English» жобасы. Өз ісін ашуға және жүргізуге арналған «Жастар-Даму» және оқушылар мен студенттерді «Моментум» методикасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жобалары да бар. Көктемде мемлекеттік қолдау алған қазақстандық тауар өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесін өткізу жоспарланып отыр, осы жерде жастардың старт-ап жобаларына арналған ұйым секцияларда болады.

Сонымен қатар, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі, мерзімді әскери қызметке даярлауға бағытталған «Әскер күні» және «Жұлдызды шақыру» сияқты іс-шаралар бар. Сондай-ақ, жоспарда «ARMANDASTAR» жастар сериалын түсіру, түркі тілдес елдер жастарының қысқа метражды фильмдерінің кинофестивалінің, КТК фестивалін өткізу бар.   Сондай-ақ, Астанада «ONE WORLD - ONE YOUTH» халықаралық жастар қайырымдылық гранд балы өтеді. «Сонымен қатар, біз «AULA CLUB» атты аула клубтарының жұмысын жүргізуді жалғастырамыз, мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жалғасатын болады. Оқу орындарын тәмамдап жұмыссыз жүрген жастарға арнап жастар практикасын және бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Жастар жылы өте ерекше болады. Сондықтан барлығымыздың жұдырықтай бірігуіміз керек. Ал жылды қандай нәтижемен аяқтайтынымыз біздің әр қайсымызға байланысты», – деді спикер.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу