Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Жамбыл өңірінде жоспарлар қалай орындалып жатыр?

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында өткен жылғы бюджет деңгейлері бойынша меншікті кірістерінің орындалуы 107,8 пайызды құрап, республика өңірлері арасында үшінші орынға көтерілген. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысқан жиында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мәлімдеді.

Жамбыл өңірінде жоспарлар қалай орындалып жатыр?

Басқарма басшысы бюджеттік кірістер артығымен орындалып, бюджет 100 пайызға игерілгенін жеткізді. Десе де, облыстың кейбір аудандары мен ауылдық округтердің бюджеттерін игеруде баяу жұмыс атқарғандығы да айтылды. Мәселен, көрсеткіш Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласында 99,9 пайызға айналған.

Атап айтсақ, өткен жылы салықтық түсімдер 105,5, салықтық емес түсімдер 110,8, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 140,7 пайызға орындалған. Ал трансферттердің түсімі 100 пайызды құраған.

Жиында жалпы, кірістер жоспары барлық 114 ауылдық округте толығымен орындалғаны айтылғанымен, кейбір түрлері бойынша жоспарға қол жеткізе алмаған 16 ауылдық округтің бар екені белгілі болды. Сондай-ақ, кірістерді ұлғайту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысы да қаралды. Роза Әбдірқызы Мемлекеттік кірістер департаментімен белгіленген 22 іс-шараның 5-і, аудандар мен Тараз қаласының әкімдерімен бірлескен 19 іс-шараның 9-ы, облыстық Жер қатынастары басқармасымен белгіленген 4 іс-шараның 2-еуінің орындалмағаны анықталғанын жеткізді. Облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама, сәулет-құрылыс бақылау басқармалары мен Шу-Талас бассейндік инспекциясымен белгіленген шаралар да орындаусыз қалған.

Хамит ЕСАМАН,

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше