Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Экспорттық қарқын нығайып келеді

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында 390 шаруа қожалықтарының бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылған.

Экспорттық қарқын нығайып келеді

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерін әртараптандыру мақсатында, 7 мың 969 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріштің әр гектарынан 51 центнерден өнім алынып, 19 мың 142 тонна күріш салысы жиналды. 2018 жылы қаланың ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан 300 млн теңгеге жуық субсидиялар берілді. Өткен жылы Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстанға 12 мың тонна күріш, Қытай Халық Республикасына 50 тонна өсімдік майы экспортталды», - дейді қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қаржы институттары арқылы 16 шаруа қожалығы 260 млн теңгеге жеңілдетілген несиемен 1 мың 670 бас мал сатып алды. Өз қаражаты есебінен 29 жеке шаруа қожалығы 118 бас мал алып өсіріп жатыр.

Осылайша, ауылшаруашылығы нығайып келеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы