Қазақстан • 08 Ақпан, 2019

Қазақстандық параспортшы таэквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз Нұрлан Домбай паратаэквондодан Түркияда өткен Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Ұлттық паралимпиада комитеті Фейсбук парақшасында хабарлады.

Қазақстандық параспортшы таэквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанды

«5-6 ақпан күндері Түркияның Анталия қаласында паратаэквондодан Әлем чемпионаты өтті. 75 келіге дейінгі салмақ санатында Нұрлан Домбай (44 келі) алтын медаль иеленіп, екі мәрте әлем чемпионы атанды» деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитетінің Фейсбук парақшасында.

Сондай-ақ ел қоржынын павлодарлық Карэн Овсепян қола медальмен толықтырды.