Жайылымдық жерлердің жағдайы қалай?

Қанша жомарт болғанымен, жер қазынасы да шексіз емес. Ілкідегі ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған Ұлы даланың гүлі түгілі жусанына да қорған болуымыз керек-ақ. Көкорайлы шалғыны құлпырып тұратын, жасыл кілем жамылған жайлаудың сәні салтанат құрса дейсің, шіркін!.. Жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы отандық ауыл шаруашылығы саласына қатысты қабырғалы мәселелерді атады. Соның бірі агросектор кешенін әлемдік сұранысқа сай өнім өндіруге бейімдеу болмақ.

Егемен Қазақстан
11.02.2019 1414
2

Ақмола облысының жер аумағы 14,6 миллион гектарды құ­рай­ды. Оның ішінде ауыл шаруа­шы­лығы жерлері 10 миллион 782 мың гектарға немесе бар­лық жердің 74 пайызына тең. Мұ­ның 5,7 миллион гектары егістік, 4,5 миллион гектары жайы­лымдық жерлер. Ауыл шаруа­шылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Осы істің қорытындысы бойын­ша ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы 1 миллион 110 мың 300 гектар жердің бос жат­қандығы анықталды. Бұған дейін ешкім­нің 613 мың гектар егістік алқаппен, 490,2 мың гектар жайылымдық жермен жұмысы болмағандығын ай­та кетуге тиіс­тіміз. Бүгінде Ақмола облы­сында ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттарға арналған жер телімдерін бөлуде заң бұзу­шылықтар жиі кездеседі. Соның салдарынан ел ішіндегі жайы­лымдық жерлер әбден тозып, мал жаюға жарамсыз болуға жа­қын. 

Жайылымдық жерлердің тозуы­ның себебі әріде жатыр. Жос­пар қуалаған кеңестік заман­да егіс­­тік алқаптардың көле­мін көбейту­ді мұрат тұтқан кең­шарлар тоқымдай жер қалдыр­май, табалдырыққа дейін жыртып тастады. Міне, осындай жос­пар қуалаудың жөн-жосықсыз жарысы Арқадағы түгін тартсаң, майы шығатын жайылымдарды, түкті кілемдей құлпырып жататын жайлау­ларды тоз-тоз етті. 

Мал бағасы өскелі ел ішін­дегі малсақ қауым мал басын көбейтуге барынша ынталы. Өйткені соңғы жылдары мал өнімдері, оның ішінде ет бір­шама қымбаттап, азын-аулақ мал ұстаған ағайынның бейнеті өте­ле бастады. Ендігі орайда қол­да бар мал тұқымын асылдан­дыру, оның ішінде сіңіре будандастыру арқылы тұқымын жақсарту өте маңызды шаруа екендігі бел­гілі болып отыр. 

Мал басы көбейгеннен кейін оны жаятын жайылым керек-ақ. Жа­йы­лымдағы шөп көнекөз қария­лардың пайымдауынша, өліқау, ақот және қараот болып үшке бөлінеді. Бұрынғы даланың данышпандары шөптің атасы имажоңышқа, беде дейді екен. Беденің астық қуаты ересен болғанымен, қауіпті жағы да бар. Беде қалың өскен жайылымға жауыннан кейін мал жаймайды. Жайса іші кеуіп, жарылып өледі. Сондықтан жайылым кепкен соң ғана мал жайса керек-ті.

– Мен ұзақ жыл даланың тынысымен тыныстап, қабілетім жеткенше сырын ұғуға тырыс­тым, – дейді еңбек ардагері Болат Көшімбаев, – әрине, біз­дің көргеніміз бергі дүние. Егіс­тік көлемін ұлғайтамыз деп жүріп, елдің онсыз да аз малына тиесілі жайылымның азайға­ны рас. Қойды, сиырды, жыл­қыны тоқымдай жерде топырлатып, иіріп баққан соң тақыр­ға айналмағанда несі қалсын. Бірақ қой мен жылқы жайылған жерде сиыр жая алмайтының­­­ды анық айта аламын. Өйткені қой мен жылқының тісінің біті­мі бөлек. Олар шөпті тамы­ры­на дейін қопарып жей алады. Ал тақырланған жайылым­да­ғы қылтанақ сиырдың тіліне ілік­пейді және біздің төңіректің қария­ларының айтуына қарағанда, қой жайған жерге сиыр бағуға болмайды. Өйткені бұрынғының көпті көрген даналары мұндай жағдайда жұқпалы ауру тарайды деп есептеген. 1980 жылдар­дың орта шенінде Жезқазған облыстық тәжірибе стансасында шыралжың, изен, бозғанақ, тарлау тәрізді өсімдіктерді ауыспалы егіс жүйесімен өсіріп, кейін басқа облыстарға таратқан болатын. Бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау, Рузай аудандарының бірқатар алқаптарына да осы тәрізді екпе шөптер егілді. Кейінгі жылдары екпелі шөп алқаптары уақтылы күтілмегендіктен тозып, өспей қалды. 

Енді елдегі малдың басын көбейту үшін ең керегі – жайылым. Ауылдық округтерге қарасты жайылымдық жер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жекеменшіктің қолындағы мал басына шақталып, белгіленген ережеге сәйкес бөлінуі керек. Содан соң бос жатқан, қурай басқан алқаптарға екпе шөп егілсе, нұр үстіне нұр. Ел ішіндегі көпті көрген көнекөз қариялар айтады, ойдым-ойдым қайың шоқтары көмкерген Сандықтау, Атбасар аудандарының Есілге дейінгі кең көсілген жайылымдарында мия, бозғанақ, бұйырғын, тобылғы, бозжусан, қоңыржусан, жержусан, көкпек, балықкөз, тұзжапырақ, ажырық, қарашағыр, ақ шағыр, қарғатұяқ, қоңырбас, ақселеу, кәріқыз, түйежапырақ, бәйшешек, қияқ, бидайық, қамыс, ұшқат, тораңғы, алабота, шоңайна, қоға, ши, қазо­ты, бетеге, есекмия, меңдуана, шырғалжық, қымыздық, атқұлақ, райхан, ебелек, жуа, баялыш, теріскен, қараған, ошаған, таспа­жоңыш­қа, шырмауық, қараөлең, құлаңшайыр, бұйрашайыр, изен, айырауық, текесақал тәрізді төрт түлік мал аса сүйсініп жей­тін өсімдіктер ұшырасқан екен. Бүгінгі жұрт осы шөптердің өзі түгіл атын да білмеуі мүмкін. 

Мал басын көбейтуге бел буып отыр­ған бүгінгі таңда жаңа агроинновациялық саланың қарқынды дамып, айтарлық­тай өнім алуы, алған өніммен толайым елді қамтамасыз етуі үшін өсімдік шаруашылығын түбегейлі зерттеп, оның өнімді, пайдалы түрлерін тозып кеткен жайылымдық жерлерге ауыстыруы қажет. Онда да жерсініп өсетіндерін. Дәл осындай ізгі қадам жасалса, бірер жылдан соң Есілдің екі жағалауындағы иен елдің жайылымы жайқалып шыға келеріне кәміл сенесің. Жыл өткен сайын азық-түлік өнімдеріне сұраныс күрт өсіп, бағасы да жыл сайын көтеріліп келеді. Сондықтан жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі назардан тыс қалмауға тиісті. Әйтпесе, Жер-анадан тілеуіміз, сұрауымыз көп болғанымен, беріп жатқанымыз шамалы. 

«Жетек шаншысаң, арба өсіп шығады» делінетін құйқалы да құнарлы Ақмола өңірінде төрт түлік малға құт болған жайылымдар аз емес еді. Есілдің салалары Ақанборлық, Тайсары, Жабай, Ақсораң, Жыланды, Қалмақкөл, Салқынкөл, Ащылы, Жекебояқ жайлауларынан қазір тоқымдай да жер қалған жоқ. Ендігі мәселе қурай басып, бос жатқан жерлерді есепке алып, көпжылдық екпе шөп егу керек. Сонда ғана елдегі малсақ қауым қолда бар малын көбейте алады. Әйтпесе, жылқыны қайдам, қара малдың өзін-өзі ақтауы қиын. Мамандардың айтуына қара­ған­да, сіңіре будандастырыл­ған асыл тұқымды мал он сегіз ай­дың ішінде тірідей салмағы 400 кило­грамдық межеге жету қажет. Одан ұзақтау бақса өзіндік құны қымбаттап кетеді. Ал жеке­меншік шаруаның бұл деңгей­ге жеткізе алатындығы күмән туғызады. Өйткені оның малға берер азығы сайма-сай емес. Шындығын айтқанда, шөптен басқа мал қорегі бар ма? Оның өзі шықса жақсы. 

Жайылым мен жайлауды қалпына келтіру үшін екпе шөптерді молынан егу керек. Жалғыз амалы сол ғана. Облыста 10801 гектар жерге арпабас және судан шөбі тәрізді біржылдық және көпжылдық шөп еккен Жақсы ауданы, 10390 гектар алқапқа екпе шөп сепкен Атбасар ауданы бұл тараптағы жұмысты біршама жолға қойған. 870 гектар жерге ғана шамасы жеткен Қорғалжын, 2774 гектарға ғана қауқары жеткен Жарқайың ауданында бұл жұмыстың сылбыр екендігін айтуға тиістіміз.

Тозған жайылымды қайта түлетуге шағын шаруа қожа­лық­тарының қауқары жете бермейді. Өйткені екпе шөптің тұқымы қымбат. Түріне орай бір тоннасы – 300-350 мың теңге көлемінде. Қазіргі күні облыста «Заречный», «Журавлевка», «Диқан-4» тәріз­ді оннан астам жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысады. Соңғы жылдары екпе шөп тұқы­мына деген сұраныс артып келеді.

– Бұл мәселе біздің тұрақты назарымызда, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев, –былтыр жос­парды асыра орындадық. Түптің түбінде жүз сан шалғыны жайқалған бағзы замандағы шалқар жайлаулардың қалпына келе­тініне сенімдіміз. Биыл да қапы­сыз қимылдайтын боламыз. 

Сайын Сарыарқа күні ертең жаз шыға жұпар иісі аңқып жай­наған гүлдермен, орман-тоғай­лардың жасыл желегімен бой салып жасанары даусыз. Жайлау дегенде жадыңа оралады. Әйтпесе, жоғарыда біз айтқан қаншама өсімдіктердің атауы жұрт есінен шыққалы қай заман.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan» 

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Қарағандыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

2018 жылға мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

20.02.2019

Астананың қоғамдық көлігі: ұтқырлық – жолаушылар жайлылығының негізгі элементі

20.02.2019

Алматыдағы «Women in business» форумы мәреге жақындады

20.02.2019

Алматыда аз қамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болды

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов: «Астана – кәсіпкерлер қаласы»

20.02.2019

Ресейде оқып жүр, талай қазақ баласы

20.02.2019

Асқар Мамин: Үкімет Астананың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуде ықпал етеді

20.02.2019

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

20.02.2019

Түркістанда «Жастар ресурстық орталығы» ашылды

20.02.2019

«Ақтөбе» индустриялық аймағында 1 млрд теңгенің өнімі өндірілді

20.02.2019

«Алматы марафонының» қысқы жүгіруі осы сенбіде өтеді

20.02.2019

Қызылордада жоғалған 7 бала табылып, ата-аналарына қайтарылды

20.02.2019

Ақтөбелік жас кәсіпкер сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен тегін емдейді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу