Қытайдың сеніміне кірген саясаткер

Бүгінгі таңда Чикаго универ­ситетінің аясындағы Полсон институтының жетекшісі, Генри М.Полсон 2006-2009 жылдары АҚШ-тың қаржы министрі әрі сол кездегі АҚШ президенті Джордж У.Буштың ішкі және халықаралық экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

Егемен Қазақстан
11.02.2019 1282
2

Сонымен қатар ол бұл лауазымды иеленбей тұрған кездің өзінде-ақ, АҚШ-тың іскер топтарына алпауыт Қытайдың бет пердесін айқара ашып берген еді. Өйткені Генри Полсон министрлік қызметіне тағайындалмас бұрын әлемге аты танымал Goldman Sachs инвестициялық банкін 32 жыл бойы басқарған және сол кезеңде өз әріптестерімен бірге, алдымен 2007 жылы АҚШ-та басталып, бірте-бірте әлем экономикасын күйретіп кеткен алапат дағдарыстан аман шығудың жолдарын іздестіруге аянбай тер төккен болатын. 

Айтса айтқандай-ақ, бас-аяғы 25 жылдың ішінде Генри Полсон Қытайға 100-ден астам сапар шегіп, жабық есіктің арғы жағындағы әрі қатаң мем­лекеттік бақылауда қалыптасқан жаңа капиталистік жүйенің бастау көзі мен эволюциялық даму үдерісіне және болашақ бағыт-бағдарына қатысты «Қытаймен қарым-қатынас» («Dealing with China») атты сараптамалық монографиясын жазып бітірген бойда 2015 жылы Ұлыбританияда жарыққа шығарған-ды. 

Генри Полсон құнды деректерге толы бұл туындысында Қытай қалайша экономикалық алпауыт державаға айналып шыға келді? Ол елде бизнесті қалай жолға қоюға болады? Батыс әлемінің бизнес өкілдері мен саясат лидерлері Қытай тарапымен қарым-қатынасты қалай жасай алады? Авторитарлық ережелермен тізгінделген әрі орасан зор экологиялық сынақтармен бетпе-бет тұрған Қытаймен Батыс әлемі келіссөздерді қалай жүргізеді немесе оған қалай ықпал ете алады деген ірі-ірі бағытты қамтитын сұрақтардың жауабын іздестіреді.

Бұл тұрғыдан келгенде, дәл Генри Полсон секілді Қытаймен соншалықты терең қатынас жасап, ол елдің ішкі-сыртқы саясаты мен экономикасын бес саусақтай білетін шетелдік бизнес өкілі әлемде саусақпен санарлық еді. Солардың бірі президент Ричард Никсон дәуірінде Қытайды танып-білуге тырысып, терең зерттеулер жасаған Нобель сыйлығының лауреаты әрі бұл күнде жасы 95-ке шыққан Генри Киссинджер болатын. Ол тұлға да Қытайға 40 жыл ішінде 50-ден астам рет барып, «On China» («Қытай туралы») атты іргелі геосаяси монографиясын жарыққа шығарған болатын.
Генри Киссинджер секілді Генри Полсон да өз туындысына негіз болатын дәйектер мен дереккөздерін жинау үшін Қытайдың ондаған тұлғаларымен, олардың ішінде, саясат және бизнес көшбасшыларымен де, бүгінгі Қытайдың билік басындағы Си Цзиньпинмен де, оның алдында іргелі саяси-экономика­лық реформа жасаған саясаткер Дэн Сяопинмен де, белгілі дәрежеде оның ісін одан ары жалғастырған Цзян Цзэминьмен де сан рет кездесіп, жемісті келіссөздер жүргізген-ді. 

Генри Полсонның Қытайға сон­ша­лықты мән беруінің де өзіндік себебі бар. Біріншіден, Қытайдың эконо­микалық алпа­уытқа айналуы тарихта бұрын-соңды болмаған құбылыс. Өйт­кені о баста әлемдік халықаралық қарым-қатынастардан оқшауланып, арал секілді оңаша қалған әрі ол заманда экономикасы мешеу Қытай бар бол­ғаны 30 жыл ішінде ғана миллион­да­ған халқын кедейліктің құрығынан құт­қарып қана қоймай, әлемнің екінші донор экономикасына айналып шыға келген-ді. 

Екіншіден, Генри Полсон Қытай сияқты тез дамыған мемлекетті бұрын-соңды кездестірмегенін жасырмайды және әлемдік деңгейдегі индустриялық басымдыққа АҚШ тек азамат соғысынан кейін ғана жетсе, қытайлықтар бұл тұрғыдан келгенде, Америкадан озып кеткенін мойындайды.
Үшіншіден, таяу болашақта Қытайдың ең алып держава болатынына сенімді екенін де, сонымен қатар 150 жыл бойы әлем экономикасының көшбасшылығын үздіксіз иеленіп келген АҚШ-ты бұдан былай Қытайдың басып озатынына да еш күмән келтірмейді. Себебі Қытайдың адами капиталы мен ішкі рыногының шексіздігі өзге мемлекеттерге шаң қап­тырып кететінін ол жақсы білетін.

Төртіншіден, автор Қытайдағы транс­­­формациялық үдерістердің ауқым­­­дылығы мен жылдамдығы күллі әлемді тамсандырып отырғанын да ұмыт­пайды және мұның нақты дәлел­дерін де келтіреді. Мәселен, Қытай экономикасының, ең алдымен ұлттық телекоммуникация жүйе­сін жетілдіру­ге, энергетика және ауыл­­шаруашылық салаларын, банк және қаржы жүйесін реформалауға да ерекше назар аудар­ған. Сосын Қытай­ға ағылшындар кері қайтарған әрі ин­ф­рақұрылымы мықты дамыған Гонконг арқылы АҚШ-тан ауқымды инвестиция тартып, соның арқасында Қытайдың жоғарыда аталған салаларын ғана емес, өзге салаларын да қарқынды дамытқан. 

Бесіншіден, Қытайдың зәулім ғи­мараттары, жүрдек темір жол тораптары, сон­­дай-ақ сәулетті әуежайлары АҚШ-тың тозығы жеткен инфрақұрылымынан көш ілгері екенін автор жасырмайды.

Алтыншыдан, ең таңғаларлығы сол, Қытайдың кейбір іскер топтары 50 миллиард доллар жұмсап, Никарагуаны кесіп өтетін Панама каналынан екі есе үлкен жаңа су торабын салып тастауға да дайын көрінеді. Ал енді біреулері Исландияның бір бөлігін сатып алып, дамытуға да тәуекел етпекші екен.

Жетіншіден, бүгінгі Қытайдың жер бетіндегі алпауыттардың бірі деуге әбден лайық екенін айта келіп, Генри Полсон әлемдегі ең жылдам компью­тердің мекені де осы ел екенін, теңіз үстімен тартылған ең ұзын көпір де осында екенін және әлемде бүгінгі таңда өндірілетін көмір, цемент, темір рудасы, болат, сондай-ақ, алюминий мен мыстың 40 пайызын да осы ел тұтынатынын, ол ол ма, күллі әлемде іске қосылып жатқан құрылыс нысандарының да тең жартысына жуығы осы елге тиесілі екенін оқырмандарына тамсана көлденең тартады. Оған қоса бүгін Американың ең басты кредиторы да Қытай екенін және АҚШ-тың бір триллион 300 миллиард долларды құрайтын мемлекеттік қарызының тек Қытайға ғана тиесілі екенін жайып салады.

Сегізіншіден, Генри Полсон Қытайда белсенді жүріп жатқан урбанизация үдерісінің тиімді жағымен қатар, оның әлсіз жағына да тоқталады. Біріншіден, қалада адами ресурс көбейген сайын одан түсетін салықтың да көбейетінін, еңбек өнімділігінің де артатынын алға тартса, екінші жағынан бұл процестің қиындығының да аз болмайтынын, атап айтқанда, баспана мәселесі, бала-бақша, мектеп, аурухана, жаңа жолдар мен көпірлер салуға сұраныстың да қоса өсетінін, демек, олардың бәрін жолға қою үшін миллиардтаған қосымша қаражат қажет болатынын назардан тыс қалдырмайды. 
Сондай-ақ Генри Полсон Қытай­дағы экологиялық жағдайдың тым ауыр­лап кеткенін, яғни Қытай индус­т­риясы мен энергетикасының негізгі қозғаушы күшінің көмір мен мұнай және газ болып отырғандығының салдарынан атмосфераға тарайтын улы газ тек Бейжіңді ғана тұншықтырып қоймай, елдің өзге аймақтарына да өлшеусіз залалын тигізіп жатқанын айта келіп, Қытайдың ендігі жерде жаңғырмалы энергетика көздеріне де ерекше көңіл бөле бастағанын тілге тиек етеді. 

Сөз соңында Қытайдың сеніміне кір­ген Генри Полсонның бұл елге сіңір­ген еңбегі ақталды деуге толық негіз бар. Өйткені бүгінгі Қытай әлемдік дең­гей­дегі қаржы жүйесін құруға талпынып, мемлекеттік меншікті азайтып, жеке меншіктегі компаниялардың көбеюіне мүмкіндік туғызып жатыр. 
Бұдан бөлек 2014 жылы Қытай ше­т­елдік компаниялардың Қытай биржа­ларындағы үлесінің екі есеге, атап айт­қанда, 50 миллиард долларға дейін артуы­на мүмкіндік жасады.

Ал 2013 жылы Қытай Шанхай Еркін Сауда Аймағын ашып, елдің өзге ай­мақ­тарындағыдай емес, қаржы, ден­саулық сақтау және қонақжайлылық көрсету сала­ларында либералдық эксперименттер жасауға да мүмкіндік жасады. Бұл сая­сат өз жемісін тез берді. Бүгінгі таңда Қытай миллиардерлерінің саны 152-ге жетіп, АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп отыр. Бұл салада Джек Ма меншігіндегі онлайн режімде жұмыс істейтін «Алибаба» (Alibaba) компаниясы нақты мысал бола алады. Ал мұндай мысалдар Қытайда жетіп артылады.

Сараптаманы осымен қорытындылай келе, айтпағымыз мынау: АҚШ-тың айтулы қаржыгері әрі саясаткері Генри Полсонның салиқалы монографиясы тек Қытай мен АҚШ үшін ғана емес, өзге мемлекеттерге де, оның ішінде әлемнің оза дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат тұтып отырған өз еліміз үшін де таптырмайтын дереккөзі десек, артық айтқандық емес.

Әділ АХМЕТОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Қарағандыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

2018 жылға мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

20.02.2019

Астананың қоғамдық көлігі: ұтқырлық – жолаушылар жайлылығының негізгі элементі

20.02.2019

Алматыдағы «Women in business» форумы мәреге жақындады

20.02.2019

Алматыда аз қамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болды

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов: «Астана – кәсіпкерлер қаласы»

20.02.2019

Ресейде оқып жүр, талай қазақ баласы

20.02.2019

Асқар Мамин: Үкімет Астананың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуде ықпал етеді

20.02.2019

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

20.02.2019

Түркістанда «Жастар ресурстық орталығы» ашылды

20.02.2019

«Ақтөбе» индустриялық аймағында 1 млрд теңгенің өнімі өндірілді

20.02.2019

«Алматы марафонының» қысқы жүгіруі осы сенбіде өтеді

20.02.2019

Қызылордада жоғалған 7 бала табылып, ата-аналарына қайтарылды

20.02.2019

Ақтөбелік жас кәсіпкер сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен тегін емдейді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу