Спорт • 11 Ақпан, 2019

Виолетта Старостина нысана көздеуден халықаралық сында жүлдеге ілікті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кувейтте стенд ату мен нысана көздеу спортынан ірі халықаралық турнир басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Виолетта Старостина нысана көздеуден халықаралық сында жүлдеге ілікті

Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Виолетте Старостина турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Қазақстандық спортшы пневматикалық винтовкамен (10 метр) атуда екінші нәтижені көрсетті. Ал финалға дейінгі іріктеу кезеңінде ол үшінші орыннан көрінген еді. 

Бірінші орынды сербиялық Андреа Арсовия, үшінші орынды бахрейндік Сара Алдосари иеленді.