Өнер • 11 Ақпан, 2019

Димаш Құдайберген Испанияда бейнебаян түсіреді

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайберген «Любовь уставших лебедей» әніне бейнебаянды Испанияда түсірмек. Бұл туралы әнші инстаграмдағы парақшасына жариялады.

Димаш Құдайберген Испанияда бейнебаян түсіреді

Димаш «Песня года» концертінде Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Любовь уставших лебедей» әнін орындаған.

Әнші Астанада өткізген баспасөз мәслихатында  «Любовь уставших лебедей» әнінің авторы, ресейлік Игорь Крутой туралы пікірімен бөліскен еді.

«Әрине, әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс жасау өте маңызды болып табылады. Осы орайда, менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі уақытта біз Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыдағы біліктілігі, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме айтуға болады. Өйткені, ол Паворотти, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский секілді әлемдік композиторлармен жұмыс жасаған білікті өнер иесі. Қазіргі таңда Крутойдың шығарған бірнеше туындылары менің репертуарыма еніп отыр», - деген еді Димаш Құдайберген ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.