«Астана Опера» театрында «Евгений Онегин» операсының премьерасы өтті

Операны итальяндық қоюшы режиссер Давиде Ливермор сахналады. Бұл туралы Астана Опера театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
11.02.2019 2163
2

«Евгений Онегин» операсындағы итальяндық қоюшы режиссер Давиде Ливермордың бірегей тұжырымдамасы, қоюшы дирижер Алан Бөрібаевтың мінсіз жұмысы, сондай-ақ солистер, симфониялық оркестр, хор, балет әртістері мен балалар студиясының жас әртістерінің тамаша өнері 8 және 9 ақпанда «Астана Опера» сахнасында күшті әсер туғызып, зор жетістікке жетті.

Танымал итальяндық қоюшы режиссер Давиде Ливермордың есімі афишада кездейсоқ емес. Оны әлемнің үздік театрлары шақыруда, мысалы, ол өзінің «Аттила» қойылымымен әйгілі Ла Скаланың театрлық маусымын ашқан. Өзінің жаңа жұмысы – «Евгений Онегин» операсымен ол «Астана Опера» көрерменіне де елеулі әсер ете алды. А.С.Пушкин мен П.И.Чайковский бейнесін жасаған жас Татьяна (Айгүл Ниязова, Галина Чеплакова) көрерменді өзінің жастық шағына жетеледі, өзінің Евгенийін (Алексей Исаев, Талғат Мұсабаев) қайта кездестірді, және Герминнің (Барсег Туманян, Михаил Гужов) адал жары болып қалу туралы қайта шешім қабылдады.

Әртістер вокалдың жеңілдігін, тазалығын көрсетті, олардың әрқайсысы өзінің партияларына вокалдық жағынан да, актерлік жағынан да үлкен жауапкершілікпен қараған. Алғыр, пысық, ерке, назды сіңлісі Ольганың бейнесін Дина Хамзина мен Татьяна Вицинская тамаша орындаған. Давиде Ливермордың қойылымдары символизмді жиі пайдаланумен ерекшеленетіні белгілі. Бұл спектакль де солардың қатарына кірді. Мысалға алатын болсақ, басты кейіпкердің барлық естеліктерін жадында сақтап, олардың қайта оралуына мүмкіндік берген өмір ағашы негізгі символ болды.

Қойылым жануарларсыз өтпеді: сахнада аттар жегілген қара күйме пайда болды, онда әзірге екі дос – Онегин мен Ленский отыр. Онегин (Алексей Исаев, Талғат Мұсабаев) мен Ленскийдің (Жан Тапин, Медет Чотабаев) орындауы әсемдік пен бекзаттыққа толы болды. Вокалистер дуэль көрінісінде драматизмді керемет көрсете алды. Айта кетер болсақ, револьверден тарс етіп оқ атылып, ұшқын шықты, сахналық көрініс өте шынайы көрінді және қар үстінде қалған өлі Ленский бейнесі көрерменнің аяныш сезімін тудырды. Қойылымдағы ең жарқын көріністердің бірі Греминнің балы болды. Бұл ретте костюмдер бойынша суретшілер Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгуновтың еңбегін ерекше атап өткен жөн.  Олар сол дәуірдің стилін тамаша жеткізе білген. Көк көйлек киген кербез әйелдер фрактағы ерлермен өте үйлесімді көрінді. Адам нанғысыз өлшемдердегі хрустальды аспалы шам тұтас көріністі толықтырып тұрды. Мұны бірегей сценография деп нық сеніммен айтуға болады, осындай әсемдікті әлемнің ешбір сахнасынан кездестіру мүмкін емес.

Нұрлыбек Қосбармақов, Шыңғыс Расылхан (Рота бастығы), Ержан Саипов, Жанат Шыбықбаев (Зарецкий), Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев (Трике) өз партияларын керемет орындап шықты. Кез келген операдағыдай, музыка басымдыққа ие. Қоюшы режиссер Алан Бөрібаев П.Чайковскийдің күрделі музыкасының нәзіктікке толы өзгешеліктерін жеткізе білді. Маэстро Ленский пайда болған сәттерде оркестрдің пәрменін күшейте түсті, себебі ол қызуқанды мінезге ие, ал арсыз әрі қатыгез Онегин шыққан кезде оркестрдің әуенін суыта түсті. Музыканттардың ойнауынан кейіпкерлердің мұңы да, жағымды естеліктері де, ой-толғаныстары да естіліп тұрды. Оркестрдің орындауындағы Ленскийдің өлім алдындағы ариясының әуені жан түршіктірді.

«Премьера ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Жалпы, спектакль бейнелі, ауқымды, нанымды әрі қызықты болып шықты. Залда «Бәрекелді!» деген дауыстар ұзақ уақытқа дейін тыншымады. Құрметті қонақтар арасында – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,  мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, музыка сыншылары мен өнер саласындағы танымал тұлғалар бой көрсетті. Спектакльдің премьерасына Ресей Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин арнайы ұшып келді», – деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметінде.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу