Қазақстан • 11 Ақпан, 2019

6 млн қазақстандық электрондық цифрлық қолтаңба алған

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 6 млн аса электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 млн-ға артық. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

6 млн қазақстандық электрондық цифрлық қолтаңба алған

Корпорацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, берілген ЭЦҚ санының артуы электронды үкімет порталын пайдаланушы азаматтардың көбейгенін білдіреді.

Бұл ретте ХҚО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы - Connection Point арқылы азаматтардың өз бетінше алған электронды қызметтер саны 2018 жылы 12% өсіп, 12 млн құрады. Мемлекеттік корпорацияның 2018 жылғы қорытынды есебіне сәйкес, 32 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 17% аз көрсеткіш.

Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарынан емес, онлайн форматта өз бетінше алатын азаматтардың саны артқан. 2018 жылы Алматы мен Астана қалалары, Түркістан облысының тұрғындары ең көп ЭЦҚ рәсімдеген. Мәселен, алматылықтар 803 мың, Түркістан облысындағылар 738 мың және астаналықтар 523 мыңнан аса электрондық цифрлық қолтаңба алған.