Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

«1 ауыл - 1 кәсіп» жобасы қолға алынды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «1 ауыл - 1 кәсіп» жобасы жұмыс жасайды.

«1 ауыл - 1 кәсіп» жобасы қолға алынды

Бұл жобаның маңызы шаруашылық жүргізуде ауылдың табиғи жағдайы ескеріледі. Мәселен, судан тарықпайтын ауылдарға бау-бақша, көкөніс шаруашылықтары қолайлы болса, шөлейіті жерлері көп ауылдарда мал шаруалығына басымдылық берілмек. Ал, кейбір жерлерде табыс беретін шағын кәсіптер ашылып жатыр. Мәселен, Ақүйік ауылындағы шаруалар үйрек өсіруді қолға алды.

«Шаруалар 33,5 млн теңге несие алды. Оған 9 мыңға жуық үйрек сатып алды. Соның нәтижесінде өз шаруашылықтарын дамытуға мүмкіндік алды. Қазірге дейін олар 4212 үйректі Қызылорда қаласындағы «Береке» құс шаруашылығына бордақылап өткізді», - деді Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев.

Ауыл кәсіпкерлері мемлекеттік қолдаудың нәтижесін осылайша сезініп отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы