Жеңіл атлетика • 11 Ақпан, 2019

Қазақстан баскетбол федерациясының президенті FIBA басшысымен кездесті

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Ұлттық баскетбол Федерациясының басшылығы Швейцарияның Ми қаласындағы Халықаралық баскетбол федерациясының (ФИБА) штаб-пәтерінде болды. 

Қазақстан баскетбол федерациясының президенті FIBA басшысымен кездесті

ҚР ҰБФ президенті Димаш Досанов ФИБА Бас хатшысы Андреас Загклиспен, спорттық директор Зоран Радовичпен және 3х3 бағытындағы директор Алекс Санчеспен кездесті. 

Жүздесу барысында Қазақстан мен Азия аймағындағы баскетболды дамыту мақсатында федерациялардың әріптестігін нығайту мәселелері қаралды. 

 - Бұл сапардың басты мақсаты – Халықаралық Баскетбол Федерациясы басшылығымен танысу, ҰБФ жаңа құрамының екі жылда атқарған жұмыстарын қорытындылау және елімізде баскетболды дамыту жобаларын қолға алу болатын.  ФИБА аймақтағы баскетбол деңгейінің өсіп келе жатқанын атап өтті.

Бұған Қазақстан командасының 2019 жылғы әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуі себеп болды. Сондай-ақ, 3х3 баскетбол бойынша ел рейтингінің жоғарылуы мен балалар, жастар мен студенттер баскетболын дамытудағы федерацияның рөлі туралы жақсы пікірлер айтылды, - дейді ҚР ҰБФ президенті Димаш Досанов.